Сейсен (Сейсенбай) Шәмінұлы Қожеке (28.12.1951 ж. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылында туған. Журналист, жазушы, аудармашы, ақын. ҚазМУ-дің журналистика факультетін 1978 жылы бітірген. «Құлан тарихы», «Қожай қызыр, береке», «Темірқұл, Теміржол, Темірқанат», «Аты аңызға айналған», «Екі майданның жауынгері» атты әр жылдарда жарық көрген тарихи-шежіре кітаптардың, повесть, әңгімелердің және «Айкөл» өлең жинағының авторы.

43 жыл бойы аудандық, облыстық газеттерде қызмет етіп, облыстық «Ақ жол» газетінен зейнетке шықты. Қарымды журналистің қаламынан туған очерктер мен публицистикалық мақалалар, әңгімелер мен фельетондар республикалық, облыстық баспасөзде жиі жарияланады.

Марапаттары Қазақстан журналистер Одағы сыйлығының лауреаты; Тұрар Рысқұлов ауданының Құрметті азаматы.

Дереккөздер

Санат:Тұрар Рысқұлов ауданында туғандар Санат:Жазушылар Санат:Журналистер